jasqazaq.kz

Талдықорғанда офицер өлі табылды

25 желтоқсан 2019, 17:14

Талдықорғанда офицер-әскери қызметкер өлі табылды. Бұл мәліметті Қорғаныс министрлігінің өкілдері растады. Ведомство баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, ер адамның денесі 24 желтоқсанда қаланың шағын аудандарының бірінен табылған. Басқа да мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты айтылмайды. Сонымен қатар, ведомство өкілдері қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Осыған дейін, Instagram желісіндегі angry_taldyk парақшасында Талдықорған қаласында майор өлтірілгені туралы айтылды. Ол Талдықорған қаласындағы № 48386 әскери бөлімінің техникалық бөлім командирінің орынбасары болып қызмет еткен. Сондай-ақ, жазба авторы 24 желтоқсанда сағат 19.30 шамасында Қаратал шағын ауданындағы өз үйінің жанында ер адамға белгісіз қарудан оқ атылғанын айтты.

Алматы облыстық полиция департаменті осы іске қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. «Жергілікті әскери бөлімдердің бірінің 36 жастағы әскери қызметшісін өлтіруді ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралар жүргізіліп жатыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Полицияның тәжірибелі қызметкерлері қатарынан құрылған жедел-тергеу тобы осы қылмысты ашу бойынша шаралар қабылдайды. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды», — деді ведомство өкілдері.

Тengrinews.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді