jasqazaq.kz

Талдықорғанда мониторингтік топ мүшелері пара алғаны үшін ұсталды

30 шiлде 2021, 11:31

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Талдықорған қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғалары болып табылатын мониторингтік топ мүшелерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды Stan.kz.

ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналының мәліметтеріне қарағанда, бөлім басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, «Covid-19» коронавирус инфекциясымен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен жаппай сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамау үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алған.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған пара сомасын берген мейрамханалардың 5 әкімшісі қылмыстық жауапқа тартылады.

Лауазымды адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Тергеу жалғасуда. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия