jasqazaq.kz

Талдықорғанда құрдасын атып өлтірген студент ұсталды

31 желтоқсан 2017, 14:07

 

Алматы облысында полицейлер талдықорғандық ЖОО студентін ұстады, ол 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдік бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, ұсталған адам шолақ мылтықтан атқан. Алматы облыстық ІІД мамандарының айтуынша, жігіттердің арасындағы оқиға 30 желтоқсан күні кешке Самал ықшамауданында болған, оқ тиген 20 жастағы жігіттің денесі сол жерден табылды. «Кісі өлтірді деген күдікпен Талдықорғандағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті ұсталды, ол қазір ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес Талдықорған ІІБ уақытша ұстау изоляторында. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімінде қарастырылған «Кісі өлтіру» бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істің материалдарына заттай айғақ ретінде 12 калибрлі аңшылық шолақ мылтық алынды», — делінген Алматы облыстық ІІД хабарламасында.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды