jasqazaq.kz

Талдықорғанда қатты желден үйлердің шатыры ұшып кетті

22 мамыр 2019, 17:39

Талдықорғанда қатты желден үйлердің шатырлары ұшып, көліктер зақымданды.

«Қаратал және 9-шағынаудандарында көпқабатты үйдің, клубтың шатырлары ұшты деген ақпарат кезекші бөлімге келіп түсті. Қазір оқиға орнына мамандар кетті. Ақпарат расталғаннан кейін оқиға тіркелетін болады», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ал қазір әлеуметтік желіде қатты желден кейінгі көріністер жарияланып жатыр. Сурет пен бейнежазбаларда қаладағы ағаштардың сынғанын, шатырлардың ұшқанын анық көруге болады. Сондай-ақ «Toyota» маркалы көліктің үстіне шатыр жабындысы құлап, көлік қатты зақымдалған. Айта кетейік, 21 мамыр күні облыстық ТЖД-і тұрғындарға смс хабарлама таратып, қатты жел соғатындығы жөнінде ескерткен болатын. «22 мамырда Алматы облысының кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін деп ескертеді. Жел оңтүстік-батыстан ауыса отырып, солтүстік-батысқа қарай соғады. Кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Талдықорған қаласында күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан ауыса отырып, солтүстік-батысқа қарай соғады, таңертең және күндіз екпіні 18 м/с» делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда