jasqazaq.kz

Талдықорғанда карантин күшейтіледі

13 қантар 2021, 15:23

Талдықорғанда 15 қаңтардан бастап карантин күшейтіледі. Қаланың бас санитар дәрігері Ермек Есімқұловтың қаулысына сәйкес бойынша мұндай қатаң шаралар 29 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Есімқұлов онлайн-брифингте Талдықорған коронавирус бойынша «қызыл аймақта» екенін айтты.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 16-29 желтоқсаны аралығында коронавирус жұқтырудың 131 жағдайы, 30 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында 166 жағдай тіркелген, өсім — 0,6 пайыз.

«Қазір мектептер, университеттер, колледждер өз қызметін толығымен тоқтатады, оқыту тек қашықтан жүзеге асырылады», — деді ол.

Жаңа қаулыда мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлер келесі режимді сақтауы қажет екені айтылады:

Талдықорған қаласының аумағындағы меншік нысанына қарамастан ұйымдардың барлық кеңсе қызметкерлерін қашықтықтан жұмысқа ауыстыру (қызметкерлер саны 15 және одан да көп адам болатын ұйымдар қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы);

Екінші деңгейдегі банктердің, пошта бөлімшелерінің, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын алдын ала жазылу бойынша, — электронды кезек және халықтың көп жиналуын болдырмау және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау мақсатында басқа да шаралар бойынша ұйымдастыру;

ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу, сондай-ақ жаппай корпоратив және басқа да іс-шараларды өткізу үшін жеке меншік үйлер мен құрылыстарды жалға алуға тыйым салу;

бетпе-бет режимде кеңестер (отырыстар, семинарлар, форумдар, тренингтер, конференциялар) өткізуге тыйым салу;

техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білім беретін мектептер мен ұйымдарда қашықтан оқыту форматында онлайн-оқытуды ұзарту.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия