jasqazaq.kz

Талдықорғанда ер адамға зорлады деп жала жапқан әйел жазаланды

29 қараша 2022, 12:05

Талдықорғанда танысына зорлады деп жала жапқан әйел жазаланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың қыркүйегінде Талдықорған қаласының полиция қызметкерлеріне 29 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, өзіне жәбір көрсетті деген танысына шара қолдануды талап еткен. Дерек бойынша тергеу жүргізіліп, нәтижесінде арызданушының өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Полицейлердің мәліметінше, істің барлық мән-жайын зерделеу кезінде тергеуші арызданушының айғақтарынан бірқатар сәйкессіздікті анықтаған. Сараптамалар нәтижесінде де ештеңе анықталмаған. Кейін әйел жұмысқа қабылдамаған танысына жала жапқаны белгілі болған.

«Зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс ақыры тоқтатылды. Содан кейін тергеу ҚР ҚК-ның 419-бабы бойынша өтініш берушінің өзіне қатысты, яғни қылмыс туралы көрінеу жалған хабарлау туралы іс қозғады. Бұл факт дәлелденіп, көп ұзамай қалалық соттың үкімі бойынша сотталушы 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді», — деді Талдықорған ПД бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта