
Талдықорғанда ер адам өз баласын кепілге алған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға қаланың 4-ықшамауданында болған.
Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. «Ер адам өз баласын кепілге алды. 4-ықшамаудан. Әйелі көрші подъезде, құқық қорғау органдары жұртқа ескерту жасады», — деп хабарлады куәгер. Қалалық ІІД өкілдері ер адамның ұсталғанын хабарлады. Ол баласының үстіне тез жанатын сұйықтық құйған. Оқиға орнында арнайы қызмет жұмыс істеп жатыр. «Ер адам ұсталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. Полициядағылар оқиғаның мән-жайын кейінірек хабарлауға уәде берді.