jasqazaq.kz

Талдықорғанда экспедиторға қарулы шабуыл жасалды

31 қантар 2020, 17:10

Талдықорғанда экспедиторға қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті ретінде ұсталған Талдықорған қаласының екі тұрғыны қазір қамауға алынды.

Қылмыс Талдықорғанда жасалды. 29 қаңтарда полицияға қаладағы сауда-саттықпен айналысатын компанияларының бірінің экспедиторына қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар түсті. Белгісіз екі белгісіз адам оны пышақпен жаралап, шамамен 1 млн теңгені алып кеткен. Полиция бірнеше сағаттың ішінде күдіктілерді анықтап, ұстады.

— Ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында анықталған екі күдікті қамауға алынды. Екеуі де 1987-88 жылы туған жергілікті тұрғындар болып шықты. Қылмыс дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы, 2 бөлігімен (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған ақша табылып, тәркіленді және заттай дәлел ретінде танылып, заңды иесіне қайтарылды, — деді Талдықорған Полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.
Тергеу барысында күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Пышақтан жарақат алған экспедитор ауруханаға түсті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы, 2 бөлігі (қарақшылық) мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия