jasqazaq.kz

Талдықорғанда балабақша меңгерушісі қарамағындағыларды құлша жұмсаған

11 қазан 2017, 17:37

Осылай деген қызметкерлер бала тәрбиелеудің орнына бастықтың үйін тазалап, құрылысқа да жегілгенін айтады, деп хабарлайды КТК.

Ал қарсы шыққандарды сөзге келместен қызметтен қуады дейді мұндағылар. Енді бұған шыдамаған үш адам басшыларының үстінен сотқа арыз түсірмекші. Білім бөліміндегілер болса жекеменшік балабақшаға сөзіміз жүрмейді деп отыр.

Шыдамы таусылған бұл үш қызметкер балабақшадан бір күнде арыз жазып шығып кетіпті. Жекеменшік мекемеде меңгерушінің құлша жұмсап, күн көрсетпегенін айтады. Бала бағудың орнына соның үйінің жұмысына жегіліп, тіпті құрылыспен айналысқан.

“Бастығымыздың үйін жинап, өзіміздің еркімізден тыс жұмыстарға салды. Оған бармаймыз десек айыппұл төлейсің, жұмыстан шығарамын деп қорқытады. Қорқытқаны былай тұрсын, аузына келген боғауызды айтады”, – дейді балабақшаның бұрынғы қызметкері Әйгерім Ташиева.

Балабақшаға пара бермесең жұмысқа алмайтынын айтады қызметкерлер. Меңгеруші қарсы шыққандарын бір күнде қызметінен қуатын көрінеді. Гүлшара Жақсылыққызы – солай жұмысынан кеткендердің бірі.

Балабақша меңгерушісі камера алдында сөйлеуден басын ала қашты. Ал қарамағындағыларды жұмыс кезінде құрылысқа жеккенін жасырмайды. Бірақ ешкімді күштеген жоқпын деп ақталды Гүлнар Керімбекова.

Ал қалалық білім бөліміндегілер жекеменшік балабақшаға сөзі жүрмейтінін айтады. Мектепке дейінгі бұл мекемеде қожайынның тәрбиешілерге не істесе де өз еркі екен.

“Бұлардың өздері жекеменшік. Өздерінің басшылары бар. Өздерінің әкімшілік тарапынан қаражатқа менің ешқандай қатысым жоқ. Басқа да еңбек туралы болсын. Өздерінің әкімшіліктері бар ғой. Өздері жұмыс істеуі қажет”, – дейді Талдықорған қалалық білім бөлімінің маманы Салтанат Бекбергенова.

Шенеуніктердің айтуынша, жекменшік «Ашура» балабақшасы үздіктердің қатарында. Тіпті, ұстаздар күнінде меңгерушіні алғыс хатпен де марапаттапты. Дегенмен, қорлық көрдік деген тәрбиешілер енді оны сотқа бермекші.

stan.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде