jasqazaq.kz

Талдықорғанда әскери қызметкер әріптесін атып тастады (видео)

31 наурыз 2018, 18:23

Талдықорғанда болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлады «Хабар 24». Телеарнаның хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, 31 наурызда таңертеңгі сағат 08.00 шамасында әскери ғимараттың ішінде болған.

«Әскери шендегі екі әріптес бір-бірімен келіспей қалып, біреуі оқ атқан. Екіншісі сол жерде мерт болған. Алғашқыда әлгі оқ атқан қызметкер кабинетке ешкімді кіргізбей тұрған. Оқиға орнына келген құзырлы орган басшылары онымен келіссөз жүргізіп, нәтижесінде әскери қызметкер өз бөлмесін ашқан. Бірақ осы кезде қолындағы аңшы мылтығын терезеден сыртқа қарай лақтырып үлгерген. Сөйтіп өзі құқық қорғау органдарына өз еркімен берілді», — деп хабарлады тілші. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орны қоршауға алынған. Ешкімді өткізбейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін әскери қызметкердің Талдықорғандағы әскери комиссариат ғимаратында әріптесін атып тастағаны хабарланған болатын. Оған дейін Талдықорғанда әскери комиссариат ғимаратының қоршауға алынғаны хабарланды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде