jasqazaq.kz

Талдықорғанда 10 жезөкше ұсталды

04 қазан 2017, 14:51

Талдықорғанда полицейлер арнайы рейд барысында 10 жезөкшені ұстады. Тәнін саудаға айналдырғандардың 6-ы көрші елдің азаматшалары болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай ақ осы іске тікелей қатысы бар деген күдікпен қаладағы қонақ үйлердің бірінің және саунаның қызметкерлері қолға түсті. Қазір олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабына сәйкес іс қозғалды. Полицейлердің мәліметінше, шетелдік азаматшалар Қазақстанға қыркүйек айының соңына таман келген. Тәнін саудалауды мақсат еткен олар Қазақстаннан депортацияланатын болады. Қазір мәселенің анық-қанығы анықталғанша олар қамауға алынды. Айта кету керек, облыстық ІІД-ның Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ұйымдастырған арнайы рейдке СПИД орталығының мамандары да қатысуда. Олар ұсталған жезөкшелердің анализдерін алып, арнайы тексерістен өткізуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде