jasqazaq.kz

Талаптар сақталмаса, карантин талабы қайта күшеюі мүмкін

09 маусым 2020, 11:21


Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмамғамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талабын күшейтуге қатысты сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі алдымен еліміздегі коронавирусқа байланысты жағдайды кейін өңірлерді жағдайды бағалайды. Мамандар тек қана аурудың өсімін ғана емес, нысандардағы карантин талабының сақталуы, тұрғындардың масканы тағуы, арақашықтықты сақтауы, науқастардың саны және тағы басқа жағдайды ескереді.

«Әзірше Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талабын күшейту мәселесі жайында сөз болған жоқ. Алайда егер жоғарыда аталған талаптар сақталмаса, бұл «тепе-теңдіктің» бұзылуына әкеледі, карантин талабы қайта күшеюі мүмкін», — дейді Айжан Есмамғамбетова.

Сондай-ақ, еліміздің бас санитар дәрігері белгілі бір қала немесе аймақта карантин талабын күшейту туралы шешімді жергілікті санитар дәрігерлер қабылдайтынын атап өтті. Олардың шешімі бойынша өңірдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде сауда орталықтары, кафелер және басқа да объектілер қайта жабылуы мүмкін.

Tengrinews.kz 

 

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі