jasqazaq.kz

Талапкерлер ЖОО-ға құжатты электронды түрде тапсырады

12 мамыр 2020, 13:05


Маусым айынан бастап барлық ЖОО-лар құжаттарды электронды түрде қабылдай бастайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда айтты.
«Цифрландыру мәселесі өте өзекті болып тұр. Біз биыл бірінші рет цифрлық режимде ҰБТ тапсыруға құжаттарды қабылдадық. Алдыңғы жылмен салыстырғанда құжаттардың саны біраз көбейді. Цифрландыру мәселесі ары қарай да біздің басты назарымызда болады», — дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Оның айтуынша, енді ЖОО мен колледждерге құжат қабылдау науқаны басталады. Бұл мәселені де қазіргі жағдайға сәйкес дұрыс жолға қойып, тиімді іске асыру керек. «Жыл сайын 300 мыңнан астам түлек колледж бен ЖОО-ға құжаттар тапсырады. Құжаттар пакеті фотосурет, көшірме, куәліктен және басқа да 6 құжаттан тұрады. Бұл құжаттарды жинау үшін шамамен 4 мың теңге кетеді. Жыл сайын осындай құжаттарды тапсыруға 1 мрлд теңге жұмсалады. Сонымен қатар құжаттарды барып тапсыру, кезекке тұру керек. Мұндай қажетсіз кезекке тұруды болдырмау үшін құжаттарды қабылдауды автоматтандыру керек. Биыл барлық білім беру ұйымдарына қабылдау Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда кішкене апаттық жағдай орын алғандықтан, оның қалай жүзеге асырылатынын қазір көрсете алмаймыз. Маусым айынан бастап барлық ЖОО-лар құжаттарды электронды түрде қабылдайды», — дейді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғары.

inform.kz 

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі