jasqazaq.kz

Талантты жазушы Аягүл Мантай дүниеден өтті

29 шiлде 2021, 15:04

Әдебиет сүйер қауымның арасында өз орны, оқырманын тауып үлгерген жазушы Аягүл Мантай 29 шілде күні таңертең қайтыс болды.

Талантты жазушының мезгілсіз бақилық болғанын құрбысы Бану Оңдасынова растады. 39 жасқа қараған шағында көз жұмған Аягүл соңғы уақытта күйзелісте болған деді ол.

«Үш-төрт күн бұрын Алматыдан Жетісайдағы анасының қасына барған еді. Ол өміріндегі қиыншылықтарды көтере алмады. Жаны нәзік жазушы мына қатал өмірге бейім болмады. Соңғы рет «Рух» байқауына қатысқан еді. Шығармалары жүлдеге ілінбеді, оның талантын ескермеді. Оны өзіне етене жақын достары ғана қолдады. Соңғы жылдары мүлдем жұмыссыз болды. Жазушылар Одағынан да көмек болмады. Мемлекет жас жазушыны керек қылмады. Одақ, әкімдік миллиондап әдебиеттің айналасында жүргендерге ақшаны таратқанда Аягүлді елемеді. Енді келіп қимай жатырмыз деп жоқтауда. Бар кезінде қадірін білмеді. Ресейде оқыған кезде оның талантын Мәскеудегі әдебиет қауымы өте жақсы бағалады. Ол жаққа барам дегенде, коронавирус қозып тұр деп жібермедік. Ол Мәскеудегі РУДН-ге 2013 жылы оқуға түсіп 2015 жылы бітірді. Ресейде 5 жыл тұрды. Соңғы кезде оның өміріне, жүрегіне жеке адамдар, үлкен қызметте жүрген бір адам қатты әсер етті», — деді жазушының құрбысы Бану Оңдасынова.

Жазушы Аягүл Мантай екі кітаптың авторы. Оның 2006 жылы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем» және 2019 «Жүрекке оралу» атты қос кітабы жарық көрген. Ол «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқаи атындағы әдеби байқаудың жүлдегері. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері. Жазушы шығармаларына өз өмірінде арқау етіп үлгерген. Оның «Бөтен», «Соқыр сана», «Томпақ» сынды көптеген өзге де әңгімесі оқырман көңілінен орын тауып үлгерген.

azattyq-tuhy

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия