jasqazaq.kz

Тал түбінен табылған бала жансақтау бөлімінен шықты

24 шiлде 2018, 17:58

Алматыда дәрігерлер тал түбінен ауыр бас жарақатымен табылған 4 жастағы баланың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігерлердің айтуынша, бала нейрохирургиялық палатаға ауыстырылды. «Баланың жағдайы бірқалыпты ауыр. Қазір анасының қасында, сөйлейді, тамақ ішеді. Бірақ, өте әлсіз. Баланың оң жақ аяқ қолының гемипарезі байқалады, яғни бұлшық еті әлсіреген», — деді Балаларға арналған Шұғыл медициналық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед Рузуддинов. Оның айтуынша, қазір бала нейрохирургиялық бөлімшеге ауыстырылды. «Оның қалпына келу уақыты туралы айтуға әлі ерте. Қазір нейротроптық, ми қан айналымын жақсартатын препараттарды, витамин терапиясын қабылдап жатыр. Баланы 2-3 аптада үйіне шығарамыз деген үміттенеміз», — деді дәрігер. Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға кеше Алматыдағы шығыс айналма жолына жақын Брянская көшесінде болған. 4 жастағы баланы көлік қағып, қан-жоса болған күйде көрпеге орап, тал түбіне қалдырып кеткен. Ата-анасы бірнеше минут өткен соң ғана баланы жүздеген метр қашықтан тауып алған. Бүлдіршін кеше ауыр халден есін жиған болатын.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді