jasqazaq.kz

Таксистке сенген елордалық 40 мың долларынан айырылып қалды

04 қазан 2019, 17:11

Елордалық әйел таксишіге сенемін деп, 40 мың долларынан айырылды.

«Серікболды Сәрсембиновқа алаяқтық жасады деген күдікпен іздеу жарияланды. Ол жеке такси қызметінде жүріп, жұмыс бабында бір әйелмен танысқан. Әйелдің баспанаға зәру екенін білген ол кепілдік мүлікті ұсына отырып, несие алып беруге уәде берген. Жәбірленушінің сеніміне кіргеннен кейін оның 40 мың долларын алып, хабарсыз кеткен», — деп хабарлайды елорданың Полиция департаментінен. Осыған ұқсас қылмыс жасады деген күдікпен Қорлан Сатыбаев есімді жігітке де іздеу салынған. Ол қиын жағдайда қалған тағы бір әйелдің сеніміне кіріп, 30 мың долларын қалтасына басқан. «Сол секілді, қала аумағында жасырынып жүрген Ринат Сіләмов атты адамға іздеу жарияланады. Ер адам кезексіз пәтер алып беремін деген желеумен қала тұрғындарын алдап келген. Осындай амалмен 10 адамның 3-6 млн теңге аралығындағы ақшасын алдап алған», — деп хабарлайды департаменттен. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті алаяқтарды қолға түсіруде көмек көрсетуді сұрайды.

Жоғарыда аталғандардың қайда екенін білген азаматтар 8(7172)71-60-22, 8-778-638-88-70, 8-701-716-41-20 немесе 102 нөміріне хабарласа алады. Полицейлер алаяқтарды ұстап берген адамдардың аттары ешқайда жарияланбайтынына уәде беріп отыр.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда