jasqazaq.kz

Таксиде әр адамнан 20 мың теңге алған

17 сәуiр 2020, 16:50

#үйдеотыр

Алматыда жолаушыларды басқа аймақтарға заңсыз тасымалдаудың тағы бір жолы кесілді.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушыларды қаладан Қазақстанның оңтүстік облыстарына жеткізбек болған жеке жүргізушілер ұсталды.

«Енгізілген төтенше жағдай режиміне қарамастан, жолаушыларды қаладан Алматы және Жамбыл облыстарына заңсыз тасымалдау фактілері әлі де жалғасуда. Жақында полицияның жедел-іздестіру шаралары кезінде 10-нан астам такси жүргізушісі ұсталды. Олар қызметтері үшін бір адамнан 10-нан 20 мыңға дейін ақша алған»,- деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бұл адамдардың барлығы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оларды сот кінәлі деп тапты.

Белгіленген шектеулерге қарамастан, карантин аймағынан шыққысы келген жолаушыларға қатысты да тап осындай жауапкершілік қарастырылған.

Олардың іс-әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 476-бабына сәйкес қарастырылады.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі