jasqazaq.kz

Такси жүргізушісін өлтіріп кетті

06 мамыр 2021, 10:26

Ақмола облысында екі мас жігіт 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кетті. Күдіктілер жақын маңнан көлік ұрламақ болып такси жалдаған. Жүргізуші мас жолаушыларды тапсырыс берген жерлеріне апарудан бас тартқан, — деп хабарлайды 716.kz.

Сейсенбі, 4 мамырда Бурабай ауданындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне 45 жастағы тұрғыннан хабар түскен. Ол 19 жастағы ұлы жоғалып кеткенін айтқан.

Артынша полицейлер екі ер адамды — Щучинскінің 22 жастағы тұрғыны мен Қатаркөл ауылының 20 жастағы тұрғынын ұстады.

Алдын ала болжам бойынша, 4 мамырға қараған түні екі ер адам Қатаркөлден Щучинскіге көлік ұрлауға шыққан. Олар бұл үшін inDriver сервисі арқылы такси шақырған.

Жүргізуші екі жолаушы да мас екенін байқап, оларды тапсырыс берген жеріне жеткізуден бас тартқан. Осылайша жүргізуші мен жолаушылар сөзге келіспей қалған: ер адамның бірі жүргізушіні қылғындырып, екіншісі оны әйнек бөтелкемен басынан ұра бастаған. Бөтелке сынып кеткеннен кейін, ер адам жүргізушінің мойнын тіліп тастаған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия