jasqazaq.kz

Такси жүргізушісі жүріп бара жатқан көлігінен түсіп қалған

29 қазан 2019, 12:32

Түркістан облысында белгісіз адамдар такси жүргізушісін қорқытып, көлігін тартып алған. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінен мәлім етті.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне Ордабасы ауданының тұрғыны арызданған. Ол Шымкент қаласындағы такси фирмасына тиесілі көлікпен жолаушы тасымалымен айналысады. Арызында айтылғандай, белгісіз 2 жас жігіт Қазығұртқа апарып-келуді өтінген. Жолда өзін ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқыту арқылы 600 мың теңге талап еткен. Табан астынан ондай ақша тауып бере алмаған соң, автокөлігін күш қолданып, тартып алған. «Жәбірленушінің айтуынша, түнгі сағат 1-2-де жолда жүрген көліктер мен адам аяғы саябырсығаннан кейін қалталарындағы пышақтарымен қорқытып, ақша талап еткен. Ақша болмаған соң, жүргізушіні өлтіреміз деп, күш қолдана бастайды. Осы сәтте жәбірленуші жүріп бара жатқан көліктен түсіп үлгерген. Дене жарақатын алған жүргізуші жолдан көлік тоқтатып, аудандық полиция бөліміне келген. Аудандық полицейлер күдіктілерді ұстау бойынша дереу іске кірісті. Жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жәбірленуші мен куәгерлерден жауап алып, көлікті іздестіре бастады», — делінген облыстық ПД ақпаратында. Нәтижесінде жәбірленушінің көлігі оқиға орнынан 50 шақырым қашықтықта Сарыағаш ауданынан табылды. Күдіктілердің жеке бастары анықталып, біреуі Нұр-Сұлтан қаласына қашып бара жатқан жерінен Қордайдан ұсталды. Ал, екіншісі Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерден құрықталды. Күдікті жас жігіттердің екеуі де Сарығаш ауданының тұрғындары, жұмыссыз болып шықты. Полицейлер табылған көлікті заңды иесіне қайтарды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 194-бабы («Қорқытып алу») бойынша тіркеуге алынды. «Күдіктінің екеуі де қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға жеке бастарыңыздың қауіпсіздігін бірінші орынға қоюға кеңес береді. Алыс сапарларға шығарда, жалғыз жүрмеу керектігін, сырт келбеті күдікті, таныс емес азаматтарға сенім білдірмеу керектігін ескертеді», — деді полициядан.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді