jasqazaq.kz

Такси жүргізушісі әйел адамды тонап кетті

29 қантар 2021, 14:53

Елорда тұрғыны түнгі уақытта такси жүргізушісі 72 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып, полицияға хабарласқан. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің көшеде такси тоқтатқанын анықтады. Бағасын келіскен соң әйел адам көлікке отырған және аталған мекенжайға бет алған.

Біраз уақыттан кейін такси жүргізушісі бағытын өзгертіп, бейтаныс аулаға барып тоқтаған.

Қорқып кеткен әйел көліктен қашып шыққан, алайда жүргізуші оның телефонын тартып алып, қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері аталмыш жүргізушіні тауып, ол кінәсін толығымен мойындады.

Елорданың 35 жастағы тұрғыны бұған дейін кісі тонағаны үшін сотталған.

Ол ұрланған телефонды сатып үлгерген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізіліп, елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері телефонды алып, иесіне қайтарды. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тексерілген таксопарктерді қолдануға ұсынады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде