jasqazaq.kz

Такси жүргізушісі 16 жылға сотталды

28 қазан 2019, 11:01

Алматы облысында өз танысын өлтірген такси жүргізушісі сотталды. Ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Іс Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған. Тергеу нұсқасы бойынша, 2019 жылы 14 маусымда 47 жастағы ер адам Алматы – Өскемен тас жолында Айнұр Қасымованы тонап, өлтіріп кеткен. Әйел жоғалып кеткеннен кейін туыстары полицияға арыз жазан. «Үйіне барар жолда әйел ұялы телефон арқылы туыстарымен сөйлесіп, көлік бұзылған соң, ол «жолшыбай кетіп бара жатқан» көлікке мінгенін хабарлаған. Алайда туыстарына бұл хабарламаны такси жүргізушісі жібергені белгілі болды. Сотта сотталушының Қасымовадан қарыз алып, уақтылы қайтара алмағаны анықталды. Қасымованың Ақсу ауданындағы ауылға бара жатқанын естіген сотталушы жеткізіп салуды ұсынған. Сонымен қатар ол әйелдің қомақты қаражаты барын білген. Жол-жөнекей ол әйелді өлтіріп, заттарын иемденген», – деді облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері. 25 қазанда ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің «Кісі өлтіру» және «Ұрлық» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі ең жоғары мекемеде өтейтін болады. Айта кетейік, Айнұр Қасымова 2019 жылы маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Әйел туған ауылындағы салтанатты шараға асыққан. Өзімен бірге жарты миллион теңге болған. Ол өзіне 300 мың теңге қарыз болған танысының көлігіне отырған. Ол ақшаны қайтарамын деп өлтіріп тастаған. Өзіне күдікке ілінбес үшін ер адам әйелдің туыстарына оның басқа таксиге отырып кеткенін айтқан. Кейін полицейлер оны ұстады. Ол адам өлтіргенін айтты және қайда көміп тастағанын көрсетті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде