jasqazaq.kz

Такси көлігін айдап әкеткен күдіктілер ұсталды

12 қараша 2019, 23:47

Көкшетауда такси көлігін айдап әкеткен күдіктілер ұсталды.Бұл туралы  облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 10 қарашада түнде сағат 22:30 шамасында болған. «Ваз 2114» автокөлігінің иесінің айтуынша, бейтаныс екі ер адам қорқыту арқылы оның көлігін айдап әкеткен. 31 жастағы көлік иесі келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеге бағаланды.

Белгілі болғандай, күдіктілер такси шақыртып өздері айтқан мекенжайға жеткен. Кейін жүргізушіні қорқыту арқылы көлігін тартып алып, тайып тұрады. Көлік иесі бірден «102» телефон нөмірі арқылы полицияға хабарлайды.

«Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары оқиға болған аумақты қоршап, бейнебақылау камерасының көмегімен көліктің бағытын анықтады. Нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері Қанат Мағаубаев пен Нариман Шаймерденов көліктің Пушкин көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан тауып, күдіктілерді ұстады», — дейді ведомстводан.

Қазір кезде, күдіктілерге қатысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда