
Бокс ардагерлері Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс арасындағы жекпе-жектің қалай өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Майк Тайсон америкалық кіші Рой Джонспен 12 қыркүйек күні Калифорнияда жекпе-жек өткізеді. Боксшылар шаршы алаңға қорғаныс бас киімінсіз және 12 унций қолғабымен шығады. Сондай-ақ жекпе-жекте төрешілер болмайды, сондықтан жеңімпаз тек нокаутпен анықталады не болмаса боксшылардың бірі айқасты жалғастырудан бас тартуы қажет.