jasqazaq.kz

Таиландтан келген туристерден Денге безгегі анықталды

27 наурыз 2019, 10:28

Алматыда жыл басынан бері төрт адам Денге безгегін жұқтырған. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе көп. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қалалық Қоғамдық Денсаулық сақтау департаментінің айтуынша, 2018 жылы Денге безгегін жұқтырудың 2 дерегі, 2019 жылдың үш айында 4 дерегі тіркелген. Жұқтырған адамдардың барлығы Таиландта болып келген. Оларға инфекция маса шаққанда жұққан», — деді департаменттен. Геморрагиялық безгектер (оның ішінде Денге безгегі) — өткір вирустық инфекциялық ауру. Оның белгілері — буындардың ауыруы, қалтырау, денедегі бөртпелер, лимфобездердің шошынуы, тромбогеморрагиялық асқыну болуы мүмкін. Қоздырғыштарды науқас адамдар, маймылдар, жарқанаттар, масалар таратуы мүмкін. Бұл ауру жылы климат аймақтарында Азияның Оңтүстігінде, Океания, Африка, Америка, Кариб бассейні елдерінде таралған. Мамандар бұл ауруды жұқтырмас үшін масалардың шағуынан қорғайтын арнайы крем жағып жүруге кеңес береді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде