jasqazaq.kz

Таиландтағы турнир: Қазақстандық үш боксшы финалға шықты

08 сәуiр 2022, 16:01

Таиландтың Пхукет қаласында қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2022 турнирінде қазақстандық үш боксшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық турнирде 91 келіде қос қазақстандық боксшы қолғап түйістірді. Нәтижесінде Нұрбек Оралбай отандасы Сағындық Тоғамбайдың осал тұсын тауып, финалға жолдама алды.

Ал 57 келіде Серік Теміржанов жартылай финалда таиландтық Руджакран Джунтронгты 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, 75 келіде Аятулла Тәкіжанов жартылай финалда қарасыласына есе жіберіп, жарыстың қола жүлдесін місе тұтты.

Енді кешкі сессияда үш боксшымыз жарыс жолына шығады. Оның екеуі 63 келі салмақта өзара сынға түседі. Аталған салмақта Санатәли Төлтаев пен Сұлтан Мусинов кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Асланбек Шымбергенов (69 келі) таиландтық Атичай Фомсаппен финал жолдамасын сарапқа салады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде