
Мақтаралда «Ташкент-Термез» тас жолын су басып, үш ауылдың тұрғыны көшірілуі мүмкін. Аудан әкімдігі Facebook-тегі парақшасында осылай ескертті.
«Бүгінгі таңда аудандағы Өргебас ауылын су басып, су деңгейі М-39 ««Ташкент-Термез» трассасының бойына жайылды. Сонымен қатар, ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне су жіберілді. Алдағы уақытта Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты мен Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының тұрғындары су басқан жағдайда көшуге дайын болу керектігін ескертеміз. Осыған орай, малды қауіпсіз жерге көшіріп, өздеріңізбен бірге құжаттар, жылы киім, бағалы заттар және керекті заттарыңызды дайындап, эвакуацияға дайын болуыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.