jasqazaq.kz

Тағы екі университеттің лицензиясы тоқтатылды

22 қантар 2020, 22:53

Орталық Азия университеті мен Қазақстан теңіз университеті БҒМ анықтаған бұзушылықтарды жоймаған.Бұл туралы  ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Баспасөз қызмеінің мәліметтеріне қарағанда, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарының сапалы мамандар даярлауды қамтамасыз ету бөлігіне мониторинг жүргізіп жатыр.

Бүгінгі күні Орталық Азия университеті мен Қазақстан теңіз университетінде білім беру саласындағы заңнама талаптарында бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ҰБТ-ның шекті балын жинай алмаған немесе ҰБТ сертификаттары жоқ, сондай-ақ, түсу емтихандарының нәтижесі жоқ талапкерлерді қабылдау жағдайлары орын алған.

Аталған университеттерде білім беру үрдісі толығымен сапалы профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілмеген.

Нәтижесінде түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие болмай қалады. Кадрларды даярлаудың көптеген бағыты бойынша жұмысқа орналасу пайызы белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, яғни 50%-дан кем.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 2019 жылғы 3 желтоқсанда аталған ЖОО лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы қаулы қабылдады.

Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының Комитет шешімдеріне шағымдануы бойынша сот процестері жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде