jasqazaq.kz

Тағы бір жолаушы-такси жүргізушісінің қолынан қаза болды

18 маусым 2019, 22:03

43 жастағы Айнұр Қасымова маусымның 14-де Алматыдан Жансүгіров ауылына жолға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Іздестіру шаралары барасында қолға түскен такси жүргізуші әйелді жол бойында өлтіріп, далаға көміп кеткенін мойындаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Серік Үпиев, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

— Зардап шегушінің мәйітін туыстары таныды. Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлердің айтуынша, күдікке ілінген такси жүргізушісі Айнұр Қасымованың танысы екен. Ал, қаладан Mitsubishi Galant көлігіне отырған марқұмның қалтасында 500 мың теңгедей ақша болған. Тіпті, ештеңеден алаңсыз Айнұр жол бойы туыстарымен уатсап желісі арқылы хат жазысқан. Сағабүйен ауылының тұсына келгенде көліктері бұзылып, басқасына мінгенін айтыпты. Алайда, кейін бұл хабарламаны марқұмды өлтірген қаскөйдің өзі Айнұрдың телефонынан жазғаны анықталған. Қылмысын мойындаған 47 жастағы күдікті Алматы облысының тумасы. Естеріңізге салайық, күні кеше Алматы облысында Батура Мамедова есімді келіншек таксиге мініп, хабарсыз кеткен еді. Артынша сұлулық салонының қызметкерін қатыгездікпен өлтіріп, тонап кеткен азаматтық некедегі ерлі-зайыпты екі адам ұсталды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді