jasqazaq.kz

Тағы бір ұйым қаржы пирамидасы ретінде танылды

14 сәуiр 2021, 15:33

Алматыда «Astra Consulting agency» ЖШС қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды. Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы компания басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алғашқы мәлімдеме полицияға 2019 жылдың желтоқсанында түскенін еске түсірді. Бүгінде зардап шеккендердің ресми саны – 124 адам.

«Азаматтарды ақша салуға тарту және ай сайынғы девиденттерді төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық іс-әрекет жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Оның жетекшісі халықаралық іздеуге жарияланды. Күдіктілердің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық пирамида) бойынша квалификацияланған. 124 салымшыға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 601 245 283 теңгені құрады. Басқа жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Аталған компания өкілдерінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, олар 8-701-732-86-54 телефон нөмірі арқылы тергеушіге хабарласуына немесе Алматы қаласы, Масанчи көшесі 55 үйге келіп ресми өтініш жазуға болады.

azattyq ruhy

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия