jasqazaq.kz

Тағы бір сарбаз көз жұмды

28 ақпан 2018, 10:36


Қызылорда қаласындағы №66597 әскери бөлімінде сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай 23 қаңтарда оқу-жаттығу жиыны кезінде болған. Ол кезде кейбір құпия жағдайларға байланысты, мәліметтер жарияланбаған еді.

Көз жұмған сарбаз келісім-шарт негізінде жұмыс жасаған. Қазіргі таңда аталмыш фактіге байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр екен.

«Сарбаздың оқу-жаттығу кезінде көз жұмғаны анықталды. Әскери бөлімде қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Бұл істе немқұрайлылыққа байланысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу жұмыстарымен айналысуда. Барлық процестер аяқталғаннан кейін, нақты процессуалды шешім қабылданатын болады», — деді Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры Қасен Рахматулин.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды