jasqazaq.kz

Тағы бір қорықшы браконьерлермен күресте мерт болды

28 қазан 2019, 17:03

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында браконьердің соңына тсүкен қорықшы Әділ Кенжеғұлов мерт болды. 

Оқиға 25 қазан күні түнде болған және қашқан браконьердің соңына түскен инспектордың көлігі аударылған. «Біздің инспекторлар түнгі уақытта далада күмәнді автокөлікті байқаған. Оның артынан қуғанда белгісіз автожүргізуші қашқан. Сол сәтте инспектордың көлігі аударылып, алған жарақаттан ол мерт болды», — деп түсіндірді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті Жануарлар әлемі және аң шаруашылығы басқармасының басшысы Айтуар Туғанбеков елордада өткен брифингте. Оның айтуынша, браконьерлер инспекторға оқ атпаған. «Олар оқиға орнында ұсталды және жергілікті тұрғындар боп шықты. Көлігінен қару мен заңсыз атылған аң ұшасы табылды. Министрлік атынан марқұмның туыстарына көңіл айтамын. Оның отбасына 7,8 млн теңге материалдық көмек көрсетілді. Іс тергеуі аяқталған соң, сақтандыру бойынша тағы 4 млн теңге төленеді», — деді А. Туғанбеков. Айта кетейік, Әділ Кенжеғұлов — жыл басынан бері табиғатты қорғауда мерт болған үшінші қорықшы.

Ақпарат көзі: ҚазАқапарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде