jasqazaq.kz

Тағы бір қалада пластик қызғалдақтардан жасалған гүлзар табылды (Видео)

09 қараша 2021, 16:46

Тараз қаласында пластик қызғалдақтардан жасалған гүлзар бақ табылды. Бұған дейін қызғалдақтың мұндай түрі Ақтауда орнатылған еді. Осыған байланысты Тараз әкімдігі пікір білдіріп, инсталляция қашан пайда болғанын айтты, деп жазады NUR.KZ.

«Ақтауда осындай пластик қызғалдақтарды ұнататын әкім бар екені бәрімізге белгілі. Ол елде жалғыз емес сияқты. Тараз әкімі де пластик қызғалдақтар егіп қойыпты. Олар әлі құламаған, бірақ бастары жұлынып, қорқынышты жағдайда тұр. Міне, біздің Қазақстан», — дейді видео авторы. Желіде тарап кеткен бейнежазбаға қатысты Тараз қаласының әкімдігі пікір білдірді. «Безендірудің бұл түрін кәсіпкерлер өнімдерді жарнамалау мақсатында биыл қыркүйек айында демеушілік қаражат есебінен орнатқан. Анықталғандай, дәл осындай безендіру Ақтауда кейінірек пайда болды», — деді қала әкімінің кеңесшісі Зарина Қуатова.

Оның айтуынша, бүгінде Таразда шығыс қақпаның екі жағында және «Баласағұн» орталық концерт залының маңында шағын сәулеттік пішіндер орнатылған. Гүлзар баққа «Жасыл-Ел Тараз» ЖШС күтім жасайды. «Сынған фактілер анықталмады. Күн сайын жауапты ұйымның мамандары безендірудің бүтіндігін тексереді», — деді Зарина Қуатова. Еске сала кетсек, қазан айында Ақтау тұрғындары 15 млн теңгеге орнатылған пластик қызғалдақтарды сынға алған еді. Кейінірек, жасанды гүлдердің сына бастағаны белгілі болды. Қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай мердігерлер безендіруді қалпына келтірмесе, ақша төленбейтінін хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от astana_sergek (@astana_sergek_kaz)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде