jasqazaq.kz

Тағы бір қалада карантин күшейтіледі

06 маусым 2020, 10:53

Оралда жаңа шектеу шаралары енгізілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев мәлім етті.

Брифинг барысында ол аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандар жиі тіркелетінін атап өтті.

«Карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізілді. Отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енбеген салалардың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары карантин уақытында әдеттегі жұмыс режимін тоқтата тұруы тиіс, олар қашықтан, онлайн режимде жұмыс істей алады. Қоғамдық көлік үшін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, сағат 6-дан 12-ге дейін және сағат 17-ден 21-ге дейін жұмыс режимі орнатылды. Базарларға дүйсенбіден бейсенбіге дейін 9-дан 13-ке дейін, жұма-жексенбі күндері 10-нан 16-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Мейрамханалар мен барларға кальян қолдануға тыйым салынады», — деді Мұхамғали Арыспаев.

БҚО мемлекеттік бас санитар дәрігері тұрғындарды адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды. Шектеу 6 маусымнан бастап карантин аяқталғанға дейін қолданылады. Ол БҚО-да 15 маусымға дейін жарияланды.

Айта кетейік, 4 маусымда Оралда карантин шараларын сақтамағандықтан мәдениет және демалыс саябағы, бір кафе, екі сауда үйі жабылды және үш қалалық автобус маршруттарының қозғалысы тоқтатылды.

Tengrinews.kz

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова