jasqazaq.kz

Тағы бір дәрігер Меркіде былық барын айтты

10 сәуiр 2020, 21:23

#үйдеотыр

Жамбыл облысында дауы арылмаған Меркі аудандық ауруханасының тағы бір дәрігері бейнеүндеу жолдады. Қаламқас Төреқұл әріптесі Толқынай Ордабаеваның айтқандарының бәрі ақиқат дейді. Яғни, ол аталмыш емдеу мекемесінің қызметкерлеріне жұқпадан қорғану жағдайы жасалмағанын растап отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қаламқас Төреқұл, Меркі аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері:

— Біздің маскамыз кәдімгі төсек жаймасынан тігілген. Бізге ешқандай маска берілген жоқ. Вирус басталғалы, өтірік айтпасам, 3-4 маска берілген шығар. Қолдан тігіп алуды сұрайды. Антисептік, басқа да жағдай толық қамтылмаған.

Жас маман осылайша «басымызды бәйгеге тігуге мәжбүрміз» дейді. Ол бұрын болмаған бетперде мен өзге де вирустан қорғану құралдарының Ордабаеваның кабинетінен табылғанына да аң-таң. Ал бұндай деректі тексеріске келген жергілікті комиссия анықтапты. Оларға сенбейтінін ашық айтқан Қаламқас, бұл істі қадағалауға «Нұр-Сұлтаннан арнайы топ жіберілсін» дейді. Еске салсақ, бұған дейін Меркі аудандық ауруханасының дәрігері Ордабаева ауруханадағы бар былықты жайып салған. Ол өзі вирус жұқтырып, емделіп жатыр. Видеода аудандық аурухананың басшылық құрамы бір-біріне туыс, тіпті олардың облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына да жақындығы бар делінген. Ал Марат Жұманқұлов бұл уәжге қатысты жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты. «Тек тексеру қорытындысы біткен соң түсініктеме беремін» — деп құтылды. Бірақ сол тексеруден нәтиже шығатынына меркелік дәрігерлер сенбей отыр.

Қаламқас Төреқұл, Меркі аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері:

— Бізде отырған басшылық экономист, одан кейін бір-біріне туысқандар. апалы-сіңлілілер. Ал біздің облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жерде отырған бас дәрігердің күйеу баласы. Олардың бәрі таныстықпен, өздерінің сөздерін сөйлеп, бір-бірінікін дұрыс деп шығарып алады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия