jasqazaq.kz

Тағы 6 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды

30 сәуiр 2020, 12:38

#үйдеотыр

Батыс Қазақстан облысында 30 сәуір күнгі мәлімет бойынша коронавирус жұқтырған 8 адам тіркелді.

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, екі адамның бірі – Ресейде жұмыс жасайтын 29 жастағы облыс тұрғыны, екіншісі – сол елдің жоғары оқу орнында оқитын Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны.

Олар Ресеймен шектесетін «Тасқала» және «Сырым» автоөткелдерінен өткен кезде денсаулықтарына шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес жедел жәрдем шақырылып, карантиндік стационарға жатқызылған кезде ауруға шалдыққаны анықталды.

Қалған 6 адам – медицина қызметкері. Олардың бәрі коронавирус жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкері ретінде тексерілген болатын.

Сегіз науқас та облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 146-ға жетіп, соның 9-ы емделіп шықты.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен карантиндік стационардағы дәрігерлер мен медбикелердің үйлеріне бармай, жатақхана мен қонақүйде жатып, қызмет атқарып жүргенін, олардың әр 14 күн сайын сайын скирингтік тексеруден өткізіліп жатқанын жеткізді.

«Сондай тексеру қорытындысы нәтижесінде соңғы екі тәулікте 10 медбикенің ауру жұқтырғаны белгілі болды. Олармен қарым-қатынаста болған 11 медицина қызметкері карантиндік стационарға жатқызылды. Медицина қызметкерлері алдағы уақытта да скирингтік тексеруден өтетін болады», деді М.Арыспаев.

Облыста тіркелген 146 науқастың 119-ы немесе 86 пайызы – дені Ресейден, сондай-ақ Атырау облысынан келгендер, 26-сы – бұрын ауырғандармен байланыста болғандар. Бір науқастың қайдан жұқтырғаны анықталу үстінде.

«Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан науқастардың 80 пайызы жеңіл, қалған 20 пайызы орташа ауыр халде. 6 емделушіде пневмония болғанымен, тыныс алуы қалыпты», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі