jasqazaq.kz

Табысынан айырылғандарға 42 мың теңгеден беріледі

23 наурыз 2020, 16:05

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға 42 мың теңгеден беріледі. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Карантин енгізілген кезеңде тек Алматының өзінде кәсіпорындардың қызметкерлер саны жалпы 266 мың адамға қысқарады. Дәл осындай жағдай жеке кәсіпкерлерден де байқалады. Олардың 80 пайызы өз қызметтерін тоқтатты. Осылайша, алдын ала есептеулерге сәйкес, ағымдағы жағдай шамамен 500 мың азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді. Сондықтан төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған тұлғаларға ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінде (42 500 теңге) төлем жасай бастауды тапсырамын», — деді ҚР Президент. Мемлекет басшысының атап өтуінше, жалпы мұндай көмекті кемінде 1,5 миллионнан астам адам алады. «Қажет болған жағдайда соманы арттыруға, қамтуға және қолдау түрлерін кеңейтуге барлық резервіміз бар. Мемлекеттік комиссияға төлемдердің тиімді және ашық тетігін әзірлеуді тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі