jasqazaq.kz

Табылған қазынаның құны 6,2 млн доллар

27 тамыз 2019, 11:56


Табылған қазынаның құны 6,2 млн долларға бағаланып отыр. Құны 5 млн еуро тұратын XI ғасырдың монеталары бар қазына Англияның оңтүстік-батысында Сомерсет графтығындағы фермалардың бірінде табылды.

Әрқайсысы 1 мыңнан 5 мың фунтқа дейінгі көлемде бағаланатын монеталардың сапасы еш бұзылмаған.
Басылымның ақпаратынша, соңғы англосаксон королі II Годвинсон (1022-1066) кезінде шығарылған 2 571 пенниді металл іздегіштердің көмегімен отбасылық жұп тапқан. Сарапшылардың пайымдауынша, табылған қазына ауқатты адамға тиесілі болған.
«Өз заманы үшін бұл айтарлықтай үлкен ақша. Қомақты қазына король болмаса да, жоғары лауазымды шенеунікке тиесілі болуы мүмкін. Иесі қайтыс болып, сондықтан қазына сол күйі қалып қойған», — деп атап өтті нумизматика маманы Найджел Миллс.
Монеталардың құны 2009 жылы табылған атақты Стаффордшир қазынасына қарағанда 1 млн еуроға жоғары. Сарапшылар қазына шамамен 1066 және 1072 жылдар аралығында көмілген деген жорамал айтуда.
Ерлі-зайыптылар тапқан қазына туралы полицияға хабарлаған. Монеталар бағалау үшін Британ мұражайына тапсырылды.

baq.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық