jasqazaq.kz

Табиғаты бай Текелі

31 мамыр 2021, 17:16

Алматы облысы — таулы аймақ, жасыл ел. Талдықорғаннан 40 шақырым қашықтықта орналасқан – Текелі, әдемі пейзаждың көрінісі. Қала – Қаратал өзенінің жоғарғы ағысында, Жоңғар Алатауының бөктерінде, Қора, Чажи және Текелі өзендерінің түйіскен жерінде орналасқан. Осындай керемет табиғаты тоғысқан жерде әр түрлі жануарлар мекендейді. Жердің атауы «тау текесі» мен «еліктің» көп болуынан.

Оған барар жолда Қонаев көшесімен өтесіз. Бұл ресми ең ұзын көше. Шамамен 38 шақырым. Биік таулар, ну орман және ағынды өзен, сіздің назарыңызды өзіне аудартпай қоймас. Оған қоса, Текелінің вышкасы кәдімгі «кішігірім» Көктебе. Жоғарыда айтып өткен, қала бейнесі анық көрінеді. Суретке түсуге өте әдемі жер. Нағыз туристік мекен. Текелінің жанында «Таңбалы тасқа» ұқсас, будда мүсіні бейнеленген тасты кездестіресіз. Тағы тастан лотос гүлін, аюдың ізін көруге болады.

Көрнекті жерлердің бірі және бірегейі «Бұрхан Бұлақ» – ең үлкен сарқырама. Самал жел мен таудың таза ауасы сіздің жаныңызды сергітіп, бой жазуыңызға көмектеседі. Осы атаулы қалаға еліміздің түкпір – түкпірінен, шетелден туристер келіп туризмді дамытуда. Қала әкімдігі де туризмді дамытуға бірнеше жобалар жасап, ішкі туризмді дамытуға басымдық беріп отыр. Елімізде мақтануға тұрарлық әсем жерлер өте көп. Ішкі туризмді дамытуға бәріміз белсене ат салысайық!

Бақытжан Аманболқызы

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық