jasqazaq.kz

Табиғат инспекторы аң атып жүрген жерінен ұсталды

15 қантар 2021, 21:41

Оңтүстікте жануарларды қорғауы тиіс инспектор жұмыс уақытында аң атып жүрген жерінен ұсталды. Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның қызметкері Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты аулаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Полицейлер формадағы инспектор мен жанындағы екі серігін саят құрып жүрген жерінен қолға түсірді.

— Мемлекеттік инспектор.

— Жоқ, мені танитын шығарсыз?

— Жоқ, беймарал аша бер, аша бер.

Шардара ауданындағы рейд кезінде полицейлер күдік тудырған «Нива» мен «Уаз» көлігіне тоқтауды бұйырады. Алайда күдіктілер қаша жөнелгенде көліктің дөңгелегінен атып тоқтатқан. Тінту кезінде машинаның бірінен үш аңшы мылтығы мен оқ-дәрі, ал екіншісінен Қызыл кітапқа енген қарақұйрық тәркіленді. Таңғы сағат төрт жарымда ұсталған браконьерлер өлексені «жолдан тауып алдық» деп ақталыпты. Шымкент, Арыс пен Бәйдібек аудандарының үш тұрғыны енді заң алдында жауап береді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия