jasqazaq.kz

Тәшкенді тәнті еткен қазақ қызы (фото)

25 қараша 2016, 19:54

snimok

Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледж студенті Өзбекстан астанасынан үлкен жеңіспен оралды. 405 адам қатысқан өнер додасында Қорқыттың қобызын сарнатқан қазақ қызының еңбегі, ұстазының үміті ақталды.

Baq.kz хабарлағандай, жуырда ғана Тәшкенде «Она юрт оханглари» («Туған елдің әуені») деп аталатын ІІ Халықаралық музыкалық байқау мәресіне жетті. Өнер додасы жыл сайын Өзбекстан Республикасы Білім, мәдение және спорт жөніндегі министрлігі, «Соглом авлод учун» халықаралық қайырымдылық қоры және Өзбекстанның композиторлар Одағы ұйымдастырған.

4d3523f0d713d7aac566ef3123ce6b51

Биылғы өнер сайысына 9 елден барлығы 405 өнерпаз қатысқан. Олар 12-15 және 16-19 жас аралығындағылар болып екі топқа бөлінген. Әр топ бойынша үрмелі, ысқыштар, ұрмалы және ішекті аспаптар номинациясы бойынша бөлінген.

Алматыдан осы байқауға арнайы барған П.Чайковский атындағы музыка колледжінің 4 курс студенті Индира Жандашова ысқыштар номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

«Бұл жалпы үлкен конкурс. Біздің номинация бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Азербайжаннан өнерпаздар қатысты. Қай қайсысы болмасын өте өнерлі, талантты музыканттарын алып келген. Біз де осы байқауға тиянақты дайындалған едік. Шәкіртім Индира ысқыш аспаптардың ішінде қобызбен шығып, өте тамаша өнер көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Еңбегіміз жанды. Менің үкілеген үмітім ақталды. Қуанышымызда шек жоқ», — дейді жеңімпаздың ұстазы Гүлайым Қожамқұлова.

b110d2839808765a2da5d4f757a211fe

«Туған елдің әуені» Халықаралық байқауы 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Аталған байқау жәй өнерпаздардың конкурсы емес, кәдімгі кәсіби музыкалық білім беретін арнайы және жоғары оқу орындарының түлектері мен ұстаздары қатысатын беделді дода екенін айта кету керек. Байқауға төрелік еткен ресейлік мамандардың айтуынша, бұл жас музыканттарға өзінің өнерін көрсетіп, болашаққа бағдар жасауына және бүгінгі музыкалық өнерде бар дүниелерді елеп-екшеп, сараптамадан өткізуге де үлкен мүмкіндік береді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде