jasqazaq.kz

Түрме ішін казиноға айналдырған

18 қазан 2016, 23:51

turme

Қарағанды облысының Қазыбек би аудандық соты өзі жазасын өтеп жатқан колонияда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық әлемнің «серкесіне» қатысты сот ісін аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сот үкімімен А. есімді сотталушының қылмыс жасағаны расталып, оның мүлкі тәркіленіп, 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жөнінде жаза тағайындалды»,-деп хабарлады Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ хабарламада сотталған азаматтың ерекше қауіпті рецидивист екені айтылған.

Осы іске қатысты материалдардың мәліметтері бойынша, түрмедегілерге «бақылаушы» болып жүрган А. Қарағанды облысының Қаражал қаласы Қылмыстық атқару департаментіне қарасты АК-159/22 мекемесінде казино ұйымдастырған. Бұл қылмыстық әрекетті бір топ адамдар қаржыландырып отырған. Ал ұры-қаралардың ортақ «қоржындары» осы казинода ұтылған сотталғандардың және олардың таныстарының қаржыларымен толығып отырған.

Тергеу мәліметтері бойынша, колонияда ұйымдастырылған казиноның айналымында миллиондаған қаржы болған. Казино 2012 жылдың сәуірі мен 2013 жылға дейін жұмыс істеп келген. Бұл жерде қаржыны сақтау мен бөлу шаралары да ұйымдастырылған. Кірістер қылмыстық әлемнің беделді тұлғаларының есепшоттарына аударылып отырған. Мемлекеттік айыптаушылардың қорытындылары бойынша, осындай тәсіл арқылы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық қаржыландырылып отырған.

Құқық қорғау органы өкілдеріне бұл әрекет жөнінде арнайы дереккөздерден белгілі болды. Бұдан соң осы іске қатысты азаматтардың барлығы анықталып, заттай деректер тәркіленді. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі