jasqazaq.kz

Түрік арнасының Түркістан туралы туындысы

10 желтоқсан 2016, 14:26

Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына Түркия Республикасының «TRT AVAZ» халықаралық телеарнасының түсіру тобы арнайы жұмыс сапарымен келіп, Түркістан туралы фильм түсірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

tengrinews.kz хабарлағандай, әкімдіктің өкілдерінің айтуынша, телеарна өкілдері ОҚО-дағы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен жалпы аймақтың даму көрсеткіштері туралы да мағлұматтар алған.

«Оңтүстік Қазақстан облысы туралы арнайы бағдарлама әзірлеп жүрген шығармашылық топ өңірдің экономикалық даму, индустрия және туризм салалары бойынша үш бағыттағы жұмыстарының жайын жер-жаһанға көрсетпек», — дейді әкімдіктегілер.

Сондай-ақ, «TRT AVAZ» телеарнасының шығармашылық ұжымы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтан сұхбат алыпты. Сұхбатында әкім өлкені дамытудағы болашақ жоспарларын айтып беріп, 300 миллион көрермені бар телеарна арқылы түркі бауырлас елдерді Қазақстанның оның ішінде қонақжай Оңтүстіктің туристік мекендерін тамашалауға шақырды.

Алайда фильмнің қашан шығатыны жайлы айтылмай отыр.

Айта кетейік, «TRT AVAZ» халықаралық телевизиясы Түркия Республикасының 7 тілде, соның бірі қазақ тілінде хабар тарататын ең ірі телеарнасы болып табылады. Еуропа мен Орта Азия аумағына тарайтын, яғни олар бауырлас мемлекеттер — Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан сынды сегіз елге хабар таратады. Онда аталған республикалардың ұлттық дәстүрлері мен өнері, деректі фильмдері мен музыкалық бағдарламалары көрермен назарына ұсынылады.

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды