jasqazaq.kz

Төреғали мен Еркенің фанаттары сахнаны басып алды (видео)

12 тамыз 2017, 9:59

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің ақтөбелік фанаттары сахнаны басып алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бірнеше әнді дуетпен орындап жүрген танымал жұлдыздар Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы саябақта құрылысшылар мерекесіне арнайы келген болатын.

Тегін концерттің болатыны жөнінде бірнеше күн бұрын инстаграм желісінде хабар тараған еді. Соңғы кезде хит әндер орындап жүрген қос жұлдызды көруге келгендер аз болмады.

Құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен алдымен облыс басшысы Бердібек Сапарбаев құттықтап, оларға алғыс хаттар табыстады. Шараның салтанатты бөлігі өткен соң, сахнаға Төреғали шықты. Халық сахнаға жақын тұру үшін қоршауларды ұшырып әкете жаздады. Ал, Ерке Есмаханды хабарлаған кезде жұрт сахнаға лап қойды.

https://youtu.be/5rQMZ8jP8gA

https://youtu.be/6n4rHLbtnCc

https://youtu.be/eGQeN4X2dto

Екі жұлдыздың фанаттарын тәртіп сақшылары да тоқтата алмады. Кенет, тыңдармандар сахнаны да басып алды. Ерке мен Төреғали ән айтуды тоқтатпады. Керісінше, ақтөбеліктер тарапынан болған әрекетті екеуі де қошемет деп санаған тәрізді.

Сахнаға ұмтылғандардың қатарында аяғы ауыл келіншектер мен таяққа сүйенген әжейлер де болды. Бірнеше бала жоғалып кетіп, аналары көз жастарына ерік берді.

Кейбір фанаттар тәртіп сақшыларымен төбелесуге дейін барды. Бір жігітті тәртіп сақшылары жабылып сабап тастады. Қысылып қалғандары артқа қарай шыға алмады. Сондықтан, күзет қызметі оларды сахна арқылы парктің басқа жағына өткізіп жіберуге мәжбүр болды.

Фанаттарды тоқтата алмай жүргендердің бірі қала басшысының орынбасары Жандос Байырханов Ерке Есмаханды соңғы әнін орындап бола бере көлікке отырғызып алып кетті.

Ерке мен Төреғали кеткен соң, концерт көруге келгендердің дені айналдырған жарты сағаттың ішінде тарап кетті. Дегенмен, сахнадан жүргізушілер жоғалып кеткен балалардың сахнаның артында екенін хабарлап жатты.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде