jasqazaq.kz

ТӨРЕҒАЛИ МЕН ЕРКЕНІ БІРГЕ КӨРГЕН ЖҰРТ ӨЗАРА ҚЫРҚЫСЫП ҚАЛДЫ

23 маусым 2017, 23:18

Былтыр қатарынан бірнеше дуэт жазып, елді шулатқан Төреғали мен Ерке арадағы түсініспеушіліктен кейін, ұзақ уақыт бір сахнада ән салмады. Продюсерлердің арасындағы дау әншілерге кесірін тигізді. “Аллоның” жалғасы ретінде фильм түсіріледі деп хабарланғаны жұрт есінде. Алайда Төреәлі Төлепов пен Баян Есентаева араз болғаннан кейін, бұл жоспар іске аспады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Десе де, Төреғали мен Еркенің өзі бір-бірлеріне ренжімейтіндерін айтты. Тіпті, бір сұхбатында Ұлы дала баласы Еркемен тағы да бейнебаян түсіретінін мәлімдеді. Алайда әншінің әкесі бұдан хабарсыз болып шықты. Ел алдында “мен рұқсатымды берген жоқпын” деп жар салды.
Уақыт бәріне емші демей ме? Арада бір жылдай уақыт өткен соң, әсем әндерімен елдің жүрегін жаулаған жұп қайта кездесті.
Төреғали желідегі парақшасына Еркемен түскен суретін жүктеп: “Үйренген жау атыспаққа жақсы”, – деп оқырмандардың түсінбестігін туғызды.
Желідегілердің кейбірі Төрештің Еркені “жау” деп атағанын теріс түсінді.
Ал шын мәнінде Төреғали бірге ән айтып үйреніп қалған Еркемен қайта жұмыс істеу оңай болатынын айтқысы келген сыңайлы.

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу