jasqazaq.kz

Төлешовтың ісі бойынша рақымшылық

23 желтоқсан 2016, 17:50

Жоғары соттың апелляциялық инстанциясы Тоқтар Төлешов пен істің өзге фигуранттарына қатысты қылмыстық істі қарады, — деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz хабарлағандай, «іс апелляциялық инстанцияға И.Ж. Бақтыбаев, С.В.Колтаков, Б.С.Жұмин мен К.К.Пернебаева, сотталушылардың қорғаушылары — Төлешевтің мүддесін қорғайтын М.А.Жақыпова, Бақтыбаевтың мүддесін қорғайтын С.С.Хамидулина, Досқалиевтің мүддесін қорғайтын И. В. Спиридонова, сотталушы Пернебаевтың мүддесін қорғайтын А.А.Аблабекованың шағымдары келіп түсті», — деп атап өтті сотттың баспасөз қызметінің өкілдері.

Апелляциялық сот алқасының қаулысымен Б.С.Жумин, К.К.Пернебаев пен К.А.Ысқақовқа қатысты ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі арнайы сотының үкімі рақымшылық актіне байланысты өзгертілді.

«Сотталушы Б.С.Жумин мен К.К.Пернебаевтың өтелмеген мерзімі ҚР 2016 жылдың 13 желтоқсанындағы «Қазақстан Респубюликасының жиырма бес жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» заңының 4-бабының 2-тармағы негізінде төрттен біріне қысқартылды. Сотталушы К.А.Ысқақов «Қазақстан Респубюликасының жиырма бес жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» заңының 2-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы негізінде жазасын өтеуден босатылды. Жазаның басқа тұстары өзгеріссіз қалды», -делінген сот хабарламасында.

Апелляциялық инстанция Тоқтар Төлешовтің адвокаты берген шағымды қанағаттандырмады. Сотталған бизнесменге қатысты жаза сол күйінде қалды.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Оның үйін және жұмыс орнын тінту кезінде қару-жарақ, есірткі заттары мен оқулық табылған еді. Кәсіпкермен қатар үш адам ұсталған.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар