jasqazaq.kz

Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?

24 сәуiр 2025, 11:46

Қазақтың күнделікті дастарханында сүт қосылған шайдың орны ерекше. Алайда нутрицолог Әйгерім Абраева бұл дәстүрлі сусынға басқа қырынан қарауға кеңес береді.

“Сүттің құрамында лактоза деген көмірсу бар. Бірақ оны бәрінің ағзасы бірдей қорыта алмайды”, – дейді маман. Оның айтуынша, лактозаның ағзаға сіңбеуі әсіресе жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі.
“Жас ұлғайған сайын ағзада лактоза қорытылмай, ішекте қалып қояды. Бұл іштің кебуіне, дискомфортқа, тіпті қартаю процесінің тездеуіне әсер етеді”, – деп түсіндіреді нутрицолог.

Сондықтан да, сүтпен шайды жас кезде ғана тұтынған дұрыс. Ал ересектерге бұл әдет денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.

Сонымен қатар шай ішу уақытына да мән беру маңызды. “Көп адам шайды тамақпен бірге немесе одан кейін бірден іше салады. Бірақ бұл дұрыс емес. Тамақ толық қорытылу үшін кемінде 20-30 минут уақыт қажет. Әйтпесе, шай құрамындағы кей заттар пайдалы дәрумендердің ағзаға сіңуіне кедергі келтіреді”, – дейді нутрицолог.

Олжас Әбдіхалық

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі