jasqazaq.kz

Сүт қымбаттап, оған тапшылық тууы мүмкін

12 қараша 2019, 23:16

Келесі жылдан бастап сүт бағасы қымбаттап, тапшылық сезілуі мүмкін. Өйткені сүт өнімдерін шығаратын зауыттардың көбі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талабына сай емес. 2020 жылы күшіне енетін ереже бойынша ағарғанның сапасы мен құрамы жіті тексеріледі. Ал отандық кәсіпорындар әлі күнге дейін сүтті ауылдардағы кішігірім шаруа қожалықтарынан алып жүр. Мұндай шикізат сол техникалық талапқа мүлдем сай емес.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Елімізде сүт өнімдерін шығаратын 150-ге жуық зауыт бар. Келесі жылдан бастап Кеден одағының техникалық талабы күшіне енсе, қыз-қыз қайнаған кәсіпорындардың жұмысы тұралауы мүмкін. Бұл өз кезегінде сүттің жетіспеушілігіне әкеп соғады.

Жаңа талап бойынша сүт өнімдерінің құрамы мен сапасы жіті тексерілмек. Ал отандық зауыттар әлі күнге дейін ауылдарды аралап, шикізатты жеке шаруа қожалықтарынан алады. Мамандар азғантай мүйізді қарамен күн көретіндердің ағарғаны техникалық талаптарға сай келуі неғайбыл деп отыр. Өйткені олар санитарлық-гигиеналық ережені елемейді.

Дінмұхаммед Айсауытов, Қазақстан сүт одағы Оңтүстік аймағының өкілі:

— Енді техникалық талапқа сай келмейтін шикі сүтті қабылдауға болмайды. Себебі, оның ішінде антибиотик және басқа да рұқсат етілмеген заттар болса ол сүтті пайдалануға болмайды. Енді зауыттар көлемін азайтады. Қазірдің өзінде сүттің жетіспеушіліге бар. 1ші қаңтардан бастап одан да қиын болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейден маман шақыртып, шаруаларға тегін семинар өткізуді енді бастапты. Зеңгі баба тұқымын өсірудің қыр-сырын білетін Нұрсақыш Жұмаділқызы бұл жерде амалсыздан жүр. Өйткені жаңа талаптарды білмесе, табыстан қағылады.

Нұрсақыш Жұмаділқызы, шаруа қожалығының иесі:

— Біз он жылдан бері осы шаруашылықпен шұғылданып келеміз. Ертең Кеден одағының ережесі күшіне енсе, емінеркін зауыттарға өткізу қиын болады. Шикі сүтті өткізе алмай шығынға батамыз. Сол үшін оқып, үйреніп жатырмыз.

Сүт одағының өкілдері отандық зауыттар шикізатқа зәру болса, нарықты көрші елдердің өнімдері жаулайды деп қауіптенеді. Оған қоса сүт өнімдерінің бағасы шарықтап шыға келуі де ғажап емес. Сондықтан жауапты министрлік кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетсе дейді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда