jasqazaq.kz

Сырдарияға батып кеткен екі баланың мәйіті табылды

12 тамыз 2020, 17:51

Қызылорда облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 10 және 13 жасар екі баланың мәйіттері табылды.

Оқиға 11 тамыз күні кешкі уақытта болған еді. Облыс орталығында тұратын екі бала белгіленбеген жерде шомылған. «Сырдария ауданы, Қараөзек стансасы маңындағы дария бойында суға батып кеткен екі баланы іздестіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қатысып, 2 техника тартылды. Кеше іздестіру жұмыстары нәтижесіз болды. Бүгін таңертеңгі уақытта екі бала да оқиға орнынан 70-75 метр қашықтықта су астынан табылды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері. Қызылорда облысында жыл басынан бері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 27 оқиға тіркеліп, 30 адам қаза болды. Оның 11-і бала.

ҚазАқпарат

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)