jasqazaq.kz

Сымбатты көріну үшін 8 келі терісін алдырды (видео)

07 желтоқсан 2017, 11:58


Америкалық әйел тойда арық әдемі көріну үшін 8 келідей терісін ота арқылы алдырып тастады.Бұл туралы The Mirror басылымы жазды.

41 жастағы Ольга Эрнандес семіздіктен арылу үшін майлы тағамдар мен жылдам әзірленетін ас түрлерінен бас тартқан. Соның арқасында өз салмағының жартысынан құтылған.

Ол өзін тек тамақтан тыймаған. Асқазанын кішірейту үшін ота да жасатқан. Алғашында 171 келі болған әйел төрт жылдық диетадан кейін 86 келі болған.

Эрнандес 17 жасында бірінші баласын көтергеннен кейін семіре бастағанын айтады. Ол бақытсыз балалық шағын еске алып күйзеліске жиі түсетін, өзін көңілді ұстау үшін жиі тамақтанаберіпті.

Бірден көп мөлшерде салмақ тастаған әйел енді жаңа проблемаға ұрынды. Оның терісі салбырап, денесінен бөлектенетін халге жеткен. 34 жастағы жігіт оны ұнатып, үйленуге ұсыныс жасаған кезде бірден той көйлегін кию мәселесін ойлапты.

«Той суреттерінде терім салбырап, өзім ісіңкі көрінетін болдым деп қатты алаңдадым. Білегімді сыйдыру үшін өзіме екі өлшемге үлкен көйлек таңдау керек»,-дейді әйел.

stan.kz

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды