jasqazaq.kz

Сүлейменов: Азық-түлік арзандап, дәрі-дәрмек қымбаттады

04 қыркүйек 2018, 14:36

Елімізде әуе және теміржол билеттерінің құны, бензин мен дәрі-дәрмек қымбаттады, ал азық-түлік арзандады. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrіnews.kz.

«Соңғы үш айда өндірістік тауарлардың арзандағаны байқалады, маусымда — 0,1 пайыз, шілдеде — 0,4 пайыз, тамызда — 0,2 пайыз. Бұл инфляция компонентінің ең төменгі көрсеткішіне алып келді — 2,3 пайыз бағаның өсуі. Картоп бағасы — 13,4 пайыз, жұмыртқа — 12,9 пайыз, жарма — 8,1 пайыз, пияз — 3,6 пайыз және шәй — 0,8 пайызға төмендеді, — деді министр. «Дизель отыны бағасы — 17,2 пайызға, аяқкиім — 5,9 пайызға, газ — 4,8 пайызға, дәрі-дәрмек — 4,5 пайыз және тұрмыстық заттар — 4,3 пайызға өскен», — деді Сүлейменов. Оның айтуынша, ақлы қызмет түрі 3 пайызға өскен. Оның ішінде әуе қызметі (18,5 пайыз) және темір жол билеті (8,7 пайызға) өсті, ал құқықтық қызмет түрі 6 пайызға өскен. «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету құны 1 пайызға және қонақ үй қызметінің құны 1 пайызға төмендеген», — деп нақтылады министр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді